Жоба
Көкшетау қаласындағы 630 орынды аурухана жобасының қысқаша сипаттамасы
Көкшетау қаласындағы 630 орынды аурухана жобасы Қазақстан Республикасындағы МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) моделі бойынша әзірленетін алғашқы денсаулық сақтау жобасы болып табылады. Нысан Ақмола облысындағы Көкшетау қаласында ауданы 17 гектар және жалпы құрылыс алаңы 111 000 м2 жер телімінде Көкшетау қаласының тұрғындарын ең жылдам және ыңғайлы тәсілмен үздік медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін салынатын болады. Жоба жергілікті нормативтік талаптарға, сондай-ақ заманауи медициналық нысандарды жоспарлаудың үздік халықаралық тәжірибелеріне сәйкес әзірленді.
Көкшетау қаласындағы 630 орынды аурухана жобасы бойынша жобалық келісімге 2022 жылғы 22 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі мен ""RenEll Kokshetau"" ЖШС арасында қол қойылды. Жоба Жобалық келісімге сәйкес 2 жылдық құрылыс кезеңінен кейін 5 жыл мерзімге көп салалы аурухананы жобалауды, салуды, қаржыландыруды және техникалық қызмет көрсетуді қамтиды.
Жоба екі стационарлық блоктан тұрады, олардың бірі негізінен терапевттік, екіншісі жалпы сыйымдылығы 630 орынды медициналық көмектің хирургиялық түрлеріне, сондай-ақ 38 орынды қарқынды терапия бөлімшесіне, 10 орынды перзентханаға және 63 орынды күндізгі стационарға бағытталған. Екі стационарлық корпустың арасында клиникалық-диагностикалық орталық (бұдан әрі - орталық) орналасқан, одан әр корпустың орталықта орналасқан әртүрлі клиникалық және қосалқы бөлімшелермен байланысы жүзеге асырылады. Үш қабатты орталық бүкіл ауруханаға арналған клиникалық-интервенциялық және сервистік платформа болып табылады. Қызметтік орын-жайлар табиғи жарыққа қол жеткізуді, сондай-ақ қызметтік көліктің кіреберісін қамтамасыз ететін әртүрлі аулалары бар ең төменгі деңгейде орналасқан.
Нысанға сонымен қатар техникалық ғимарат, жабық тұрақ ғимараты, мәйітхана мен баспана ғимараты, жедел жәрдемді залалсыздандыру ғимараты, қалдықтарды жинауға арналған ғимарат және учаске шекарасындағы тікұшақ алаңы кіреді."

